Басқару топтары

Басқару тобы (бұдан әрі топ деп те аталады) – бұл топтың құрылғыларын біртұтас Kaspersky Security Center ретінде басқару мақсатында қандай да бір белгі бойынша біріктірілген басқарылатын құрылғылар жиынтығы.

Басқару тобындағы барлық басқарылатын құрылғылар үшін төмендегілер белгіленеді:

Басқарылатын құрылғы тек бір басқару тобының құрамына кіре алады.

Басқару серверлері мен басқару топтары үшін кез келген тіркеме деңгейі бар иерархиялар жасауға болады. Иерархияның бір деңгейінде қосалқы және виртуалды Басқару серверлері, топтар және басқарылатын құрылғылар орналасуы мүмкін. Құрылғыларды физикалық түрде жылжытпай, бір топтан екінші топқа ауыстыруға болады. Мысалы, егер кәсіпорын қызметкері бухгалтер лауазымынан әзірлеуші лауазымына ауысса, сіз сол қызметкердің компьютерін "Бухгалтерлер" басқару тобынан "Әзірлеушілер" басқару тобына ауыстыра аласыз. Осылайша, әзірлеуші лауазымы үшін қажетті бағдарлама параметрлері құрылғыға автоматты түрде жіберіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Басқару топтарын басқару

Басына оралу